09 қаңтар 2024 10:25

1WIN онлайн-казино ісі: Lamborghini тәркіленіп, 1,5 миллиард теңге бұғатталған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген "1WIN" онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген "1WIN" онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, мыңдаған отандастарымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен. Ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берді. 2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 миллиард теңге болған.

"Тергеу жалғасып жатыр, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ "Mercedes-Maybach S500" және "Lamborghini Huracan" автокөліктері тәркіленді", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети