04 сәуір 2024 09:27

Әкімнің ұлы оқушы қызды ұрған: ата-анасы қалай жазаланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Павлодардағы мектептердің бірінде жыл басында балалар арасында жанжал шықты. Жақында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зардап шеккен қыздың анасына айыппұл салғанын жазғанбыз. Бұл ретте қарсы тарап та жазаға тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодардағы мектептердің бірінде жыл басында балалар арасында жанжал шықты. Жақында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты зардап шеккен қыздың анасына айыппұл салғанын жазғанбыз. Бұл ретте қарсы тарап та жазаға тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаулысының көшірмесіне қарағанда, баланың анасына 51 688 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сот оның әрекетінен 13 жастағы ұлын тәрбиелеу міндетін орындамағанын көрді. Өз кезегінде кәмелетке толмағанның әрекеті заң тұрғысынан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп бағаланған. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ол ұрған оқушы қыздың мұрны сынған.

Сот отырысында баланың анасы ұлының оқушы қызға дене жарақатын келтіргенін дауламаған. Бірақ әйел кінәсін мойындамай, қыздың өзі баласын қорлай бастағанын, балағаттап, мазақ қылғанын, ал ол бұған шыдай алмай оны ұрып жібергенін айтқан.

Осылайша, сот екі тарапқа бірдей жаза тағайындады. Еске салайық, бұған дейін соққыға жығылған жетінші сынып оқушысының анасына да 51 688 теңге айыппұл салынғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, бұған дейін интернетте Павлодар облысында аудан әкімінің ұлы оқушы қызды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ақпаратты Оқу-ағарту министрлігі растады.

Сот үкімі бойынша, сол күні алтыншы сынып оқушысы физика сабағына бара жатқанда, оны жетінші сыныпта оқитын оқушы қыз бен оның құрбысы дәлізде күтіп алған. Қыз оның түрі, киген киімдері туралы кемсітетін сөздер айтып, оны өткізбей қойған, сонымен қатар сөмкесіндегі сусынын тартып алып, қайтармаған. Осыдан біраз уақыт бұрын ол сол мектептің төменгі сыныбында оқитын қарындасын "коротышка" деп мазақ қылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети