24 тамыз 2015 08:21

Ақтауда полицейлердің бір ер адамды соққыға жыққаны камераға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oo-osa.org © oo-osa.org

Ақтау қаласында жол полициясының өкілдері егде жастағы әйелге көмектескісі келген жаяу жүргіншіні ұрып соқты, әйелді тәртіп сақшылары тоқтатқан. Оқиға ұялы телефонның камерасынан түсірілді, ал видео "Оса" Қоғамдық бірлестігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтау қаласында жол полициясының өкілдері егде жастағы әйелге көмектескісі келген жаяу жүргіншіні ұрып соқты, әйелді тәртіп сақшылары тоқтатқан. Оқиға ұялы телефонның камерасынан түсірілді, ал видео "Оса" Қоғамдық бірлестігінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазбаға қарағанда, жол полициясының қызметкерлері "техпаспорт" көрсете алмаған жүргізуші әйелге әкімшілік хаттама жазып берген. Кейін әйел құжатын табады. Осы кезде жаяулардың бірі қақтығысты байқап, әйелді қорғамақшы болады. Ол барлығын камерадан түсіріп тұрады. 

Соңында полицейлер ролик авторына шабуыл жасайды, алайда ол видеокамераны жолдасына беріп үлгереді, өз кезегінде досы қауіпсіз жерге қашып барып, түсірілімді жалғастырған.

"Полицейлер көмектескісі келген азаматты қызметтік көлігіне мінгізіп алып, оған дене жарақатын салған, оған медициналық куәландыруы дәлел, түрлі жолмен үркітіп, видеожазбаны өшіруді талап еткен. Алайда жаяу жүргінші өзіндік қауіпсіздік қызметі мен прокуратураға міндетті түрде шағым жолдайтынын айтады. Тәртіп сақшылары сол кезде "терпила" деп аталып жүрген әдіске көшеді, кейін видеоны жарияламауды өтініп, жалына бастайды, өздерінің балалары бар екенін, отбасын асырап отырғанын, проблемасы болса шешіп беретінін айтып, уәде береді", - делінген хабарламада.

Ролик авторының айтуынша, ол видеоны жариялап, мән-жайды заң тәртібінде шешкісі келетінін айтты. Алайда ол таяуда полицейлердің жұмысына бір ер адамның кедергі келтіріп, оның үстінен іс қозғалғанын, мойындағанын айтқаны туралы хабарды естиді.  

Видео авторы Бахрамжан Новрузов. © oo-osa.org

"Бұл менің ар-намысымды таптайтын жалған сөз, бұл мәселені осылай қалдыра алмадым", - деп мәлімдеді Бахрамжан Новрузов.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети