08 шілде 2017 12:16

Ақтөбеде Тұңғыш Президент саябағындағы жол апатының мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram © instagram

Ақтөбеде Тұңғыш президент саябағындағы көліктің жаяу жүргіншілерді қаққанына куәгер болған адам Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді. 


Ақтөбеде Тұңғыш президент саябағындағы көліктің жаяу жүргіншілерді қаққанына куәгер болған адам Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

Ер адамның сөзінше, ол осы саябақта жұмыс істейтіндіктен, бәрін өз көзімен көрген. "ЖКО жергілікті уақыт бойынша 21:20-да болды. Менен 40 метрдей жерде. Suzuki Vitara бардюрден асып, қоршауды бұзды да, екі адамды - жігіт пен қызды қақты. Жігітті жедел жәрдем алып кетті, оның жағдайы ауыр болды, аяқ-қолдары сынған. Қыз он метрдей жерге ұшып кетті. Баспен соғылып, мерт болды. Ол жерде қан көп. Біреулердің айтуынша, ол жүкті болған", - дейді куәгер. 

Болжамдардың бірі бойынша, оқиға дөңгелектің жарылуынан болған. Екінші болжам бойынша, ол біреумен жарысқан. "Жылдамдығы сағатына 150 шақырымнан кем болған жоқ", - дейді ер адам. 

Көлік жанымен аударылып қалғанда, оның ішінен екі қыз бен бір жігіт шыққан. Олардың үсті қан болған. "Нақты білмеймін, бірақ, рөлде қыз отырғанын айтады", - дейді ол. 

Сонымен бірге, куәгер бұл жолмен адам көп жүретіндігіне қарамастан, бағдаршамның жоғына наразылығын білдірді. "Бізде билік қателіктен ғана үйренеді", - деп өкініш білдірді ер адам. 

Ал видео жарияланған zello.aktobe және aktobe_zello в Instagram парақшаларында адамдар мынадай пікірлер қалдырған.

"Болдым, көрдім! Қатты келе жатты, бір дауыс шықты, дөңгелек жарылған сияқты. Қыз мерт болды... қорқынышты. Жігіттің де сау тамтығы жоқ, жедел жәрдем алып кетті"

"Сұмдық болды......біз влеосипед теппек болдық, осы кезде көлік.....қоршауға қатты соғылды....Құдайым-ау жатқан қызды көріп, ес жия алмай жүрмін әлі....өлі"

"Водитель жас кыз аман, ал отип бара жаткан кыз кайтыс болып кеткен"

"Өкінішті, ұлыммен бірге өтіп бара жатқанмын, қалайша?! Жігіт пен қызға обал болған! Кез келген адам олардың орнында болуы мүмкін еді, өзім де сол жерде жиі қыдырамын"

"Бір сәтте болды. Ол жерден кеткенімізше болған жоқ, дөңгелектің шиқылдағаны мен көтерілген шаң. Адам өмірі үізлді. Жақындары мен туыстарына көңіл білдіремін".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети