16 ақпан 2024 12:05

Алматы маңында балаларды байлап, пышақпен қорқытқан күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/kriminal_kazakhstan Фото: t.me/kriminal_kazakhstan

Алматы облысында балаларға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында балаларға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің айтуынша, Жамбыл ауданында балаларға шабуыл жасаған күдікті уақытша қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қамауға алу операциясы Алматы облысының Қарасай ауданында өткен. Тергеу барысы жеке бақылауымда", - деді Әленов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында белгісіз ер адамның үйге басып кіріп, ондағы балаларға шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Оқиға Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Ер адам жергілікті тұрғындардың үйіне баса-көктеп кіріп, ондағы кішкентай балаларға күш көрсетіп, ұрып-соғып, тамағына пышақ тақап қорқыта бастаған. Айғайлаған дауысқа көршілері жүгіріп келіп, балалардың аяқ-қолы байланғанын көрген. Зардап шеккендердің айтуынша, Бақытжан есімді біреу үйге басып кірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети