11 қаңтар 2024 17:37

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жер аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Африка құрлығының 19 азаматы еліне қайтарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған Африка құрлығының 19 азаматы еліне қайтарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының көші-қон қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы еліне қайтарылған.

"Шетелдіктер елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Айта кету керек, әуе тасымалы қала әкімдігінің көмегімен ұйымдастырылды. Ол бірнеше кезеңде өтеді.

Африкадан келген заңсыз келімсектердің кезекті легін қаңтардың аяғына дейін жөнелту жоспарланған", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети