23 ақпан 2024 14:29

Алматыдағы балабақшада баланың аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыдағы балабақшада баланың аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды. Оны басқа балалар соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы балабақшада баланың аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды. Оны басқа балалар соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы редакцияға ата-аналардың бірі хабарлады.

Кадрларда балалардың бірі екіншісін еденге итеріп жібергенін көруге болады. Сол кезде тағы біреуі оны ұра бастайды. Ол баланы теуіп, үстіне секіреді. Кейін оған басқа балалар да қосылады.

"Бейсенбі - 21 ақпанда болған; кіші топтың балалары (3 жасар балалар) жалғыз қалған. Тәрбиеші кетіп қалған, ол 15-20 минуттай болмайды. Балаларды қараусыз қалдырған, осы кезде ерекше қатыгездікпен төбелес шыққан. Топта бір жылдай болды тәрбиеші жоқ. Басшы ата-аналардың тәрбиеші табу туралы ұсынысына ешқандай шара қолданбады", - деді әйел.

Оның айтуынша, соққыға жығылған бала бас-ми жарақатын алған және бүкіл денесі көгерген. Ол қазір ауруханада жатыр деген ақпар бар. Оның айтуынша, тағы бір бала жарақат алған.

Алматы Білім басқармасы ақпаратты растады.

"Алынған түсіндірмеге сәйкес, тәрбиеші сол кезде балаларға түскі ас алатын басқа бөлмеде болған. Сондықтан, балалардың мінез-құлқын бақылай алмаған. Балабақша әкімшілігінің бұйрығы бойынша, заңбұзушылықтар үшін тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды", - деп хабарлады Алматының Білім басқармасы.

Соққыға жығылған балалардың жағдайы туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети