01 қыркүйек 2023 14:02

Астанада ер адам танысудан бас тартқан әйелді тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Waewkidja/Freepik Waewkidja/Freepik

Астанада ер адам танысудан бас тартқан әйелдің сөмкесін алып қашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Астанада ер адам танысудан бас тартқан әйелдің сөмкесін алып қашқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлеріне 32 жастағы қала тұрғыны өзіне шабуыл жасалғаны жайында айтып, арыз қалдырған. Таңертең жәбірленуші Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойындағы тұрғын үйдің ауласына шығып, бейтаныс ер адамды кездестіреді. Ер адам оған жақындап, кездесуді ұсынған. Кездесуден бас тартқан әйелді бейтаныс адам жерге итеріп жіберіп, оның қолындағы құжаттары мен Samsung телефоны бар сөмкені жұлып алған.

"Зардап шегуші қашып бара жатқан ер адамның артынан жүгіргенімен, оны қуып жете алмаған. 150 мың теңге тұратын сөмкесі мен ұялы телефонынан айырылған астаналық әйел полицияға жүгінген. Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшылық шабуылға қатысы бар 33 жастағы ер адамды анықтап, заттай айғақтар алынды", - делінген хабарламада.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети