29 қыркүйек 2015 19:03

Астанада қалыңдық пен күйеу жігіт үйлену тойындағы серуенде бір әйелді ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада үйлену тойындағы серуен кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт саябақта әйелді соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада үйлену тойындағы серуен кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт саябақта әйелді соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы аудандық прокуратура оқиғаның мән-жайын хабарлады. Оқиға биыл жазда Бауыржан Момышұлы даңғылындағы саябақта болған. Осы уақытта сол жерде "Астана Зеленстрой" ЖШС қызметкерлері жұмыс істеп жатады. "Ішімдік ішіп алған күйеу жігіт бұзақылық әрекетке барды. (...) Ол жерде тұрған жәшіктерді тепкілеп, өзін тоқтатпақ болған жұмысшыларға былапыт сөз айтқан", - деді Алматы аудандық прокуратураның тергеу бөлімінің бастығы Әрсен Бегалин.

Прокуратура өкілінің айтуынша, мұны көріп тұрған қалыңдық жанжалға араласа бастаған. Айта кетейік, ол да ішімдік ішкен болып шықты. "Қалыңдық та жұмысшыларға былапыт сөз айтқан. Ол жұмысшылардың бірін ұрып жіберген. Салдарынан жұмысшы әйел құлап, оң аяғы жарақаттанады. Осыдан кейін екеуі де оқиға болған жерден қашып кетті", - деді Әрсен Бегалин.

Ол жас жұбайлардың үстінен ҚР ҚК 293-бабы, 2-бөлімі және 107-бабы, 2-бөлімі - "бұзақылық және бұзақылық әрекет арқылы денсаулыққа орташа зиян келтіру" бойынша қылмыстық істің қозғалғанын айтты. Қылмыстық іс Астананың аудандық сотына жолданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети