20 шілде 2023 12:57

"Балаларының көз алдында". Алматыда әйел өзіне қол жұмсады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда әйел өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда әйел өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы Мамыр шағынауданында өзіне қол жұмсау дерегі болғанын қоғам белсендісі Жібек Әменова әлеуметтік желіде хабарлады. Мәліметтер бойынша, үш баланың анасы балаларының көз алдында асылып қалған. Жазба авторының айтуынша, көршілері марқұмның бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын хабарлаған.

Алматы полициясы бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

"Әуезов ауданы ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері 1994 жылы туған Б.-ның өлімінің себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети