26 сәуір 2014 17:01

Дүлей жел Павлодардағы тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда дүлей жел тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті. Фото ©Tengrinews Павлодарда дүлей жел тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті. Фото ©Tengrinews

Павлодарда қатты соққан желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үй шатырсыз қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ТЖД сілтеме жасап.


Павлодарда қатты соққан желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үй шатырсыз қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, дүлей жел аумағы 800 шаршы метрді шатырды жұлып әкеткен. Осылайша 5 қабатты тұрғын үй жартылай шатырсыз қалып, бірнеше пәтердің терезесі мен желдеткіштері зақымданған. Қазір қала билігі зақымданған үйдің тұрғындарына көмек көрсету жолдарын қарастыруда. 

Бұдан бөлек дүлей жел облыс орталығы мен аймақтағы бірқатар мекемелер мен ғимараттарға да материалдық шығын келтіргені белгілі болып отыр. Атап айтқанда, облыс аумағында ағаштар құлап, жол белгілері мен билбордтар қираған.  

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағанындай, Павлодардағы бір орта мектептің терезелері шағылса, ал Екібастұз маңындағы Марғұлан ауылындағы мектептің 400 шаршы метрлік шатыры жалаңаштанып қалған. Соққысы қатты болған жел облыстық балалар стоматологиясының шатырын да зақымдаған. Кісі шығыны мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖД хабарлағанындай, тұрғындарына қатты желдің соғатыны жөнінде ескертілсе де, аймақ халқы үйлерін тастап кетуге әрекеттенбеген.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети