31 қаңтар 2024 16:51

Жамбыл облысындағы тасжолда 26 көлік ірі жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылы маңында 26 көлік ірі жол-көлік оқиғасына ұшарады. Апатқа қарлы боран мен тасжолдағы көктайғақ себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылы маңында 26 көлік ірі жол-көлік оқиғасына ұшарады. Апатқа қарлы боран мен тасжолдағы көктайғақ себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы ПД мәліметінше, 31 қаңтарда таңертең "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық маңызы бар тасжолдың 567-шақырымында ірі жол апаты болған.

Фото: Жабыл облысы ПД

"Ауа райының қолайсыздығынан (көктайғақ, жолдың көрінбеуі, қарлы боран) 26 көлік (4 жолаушылар автобусы, 4 жүк көлігі және жеңіл көлік) жол-көлік оқиғасына тап болды. Апат салдарынан қаза тапқандар жоқ. Момышұлы ауылындағы орталық аудандық ауруханаға 25 адам түсті", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.

Тараздан 593-шақырымнан 534-шақырымға дейінгі жол екі бағытта жабық екені хабарланды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жамбыл облысының Полиция департаменті әсіресе ауа райының қолайсыз жағдайында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети