15 желтоқсан 2023 11:00

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: өңірдегі жағдай қандай?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жамбыл облысында жергілікті табиғи төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті тұрғындар күшейген қарлы боранның видеосын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында жергілікті табиғи төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті тұрғындар күшейген қарлы боранның видеосын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында арнайы техника жолдарды тазартып жатыр. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір учаске бойымен жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді, алайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пойыздарға жылдамдықты шектеу қойылды.

Өңірде жолдардағы жағдайы да бұдан жақсы емес. Жолдарда қар құрсауында қалып қойған көліктер әлі де бар.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, небәрі екі күннің ішінде бес мыңнан аса адам құтқарылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Облыста жедел штаб жұмыс істейді. Азаматтардан үрейленбеу және тек ресми ақпарат көздеріне сену сұралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети