15 наурыз 2024 12:34

Қазақстандық колониядағы тұтқындардың өмірін өзгертуге тырысқан. Қолынан келмеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысындағы колонияға қазақстандық 19 дана телефон, құлаққап, роутер, қуаттағыш және тағы басқа заттарды алып өтпек болған. Осының бәрін "Газельдің" қаптамасына тығып қойған. Ол мекеме аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкердің қызметкері болғанына қарамастан, іздеу жұмыстары тыңғылықты жүргізілген. Ол осылайша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысындағы колонияға қазақстандық 19 дана телефон, құлаққап, роутер, қуаттағыш және тағы басқа заттарды алып өтпек болған. Осының бәрін "Газельдің" қаптамасына тығып қойған. Ол мекеме аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкердің қызметкері болғанына қарамастан, іздеу жұмыстары тыңғылықты жүргізілген. Ол осылайша ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 14 наурызда ҚР ІІМ ҚАЖД "№38 мекемесі" РММ-да болған. Мекеме аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерде 2022 жылдан бері бригадир болып жұмыс істеп келе жатқан азамат Б. әдеттегідей жұмысқа қажетті жүк: маталар, көбік, бояу, бұрандалар, қапсырмалар және басқа материалдарды әкелген. Хаттама бойынша, тексеруден бұрын оған тыйым салынған заттарды алып келгені үшін жауапкершілік туралы ескертілген.

"Осыдан кейін Б-ға жоғарыда аталған тыйым салынған заттарды, егер бар болса, өз еркімен тапсыру ұсынылды. Сондай-ақ, ол сотталушыға тыйым салынған заттарды бергені немесе беруге тырысқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертумен жазбаша түрде таныстырылды. Оған азамат Б. жоқ деп жауап берді", - деді ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қостанай облысы ҚАЖД баспасөз қызметінен

Алайда, жан-жақты іздестіру жұмыстары керісінше болып шыққан. Автокөлік салонында жүргізуші орындығының артындағы астарда келесі тыйым салынған заттар жасырылған:

  • 17 сенсорлық панелі бар ұялы телефондар;
  • ұялы телефондар (шағын) батырмаларымен, екі дана;
  • жеті жұп құлаққап;
  • 18 қуаттағыш;
  • төрт Wi-Fi;
  • сегіз SIM карта;
  • Радиостанцияға ұқсас бір құрылғы.

"Аталған тыйым салынған заттар полиэтилен пакеттерге оралып, скотчпен 10 бумаға салынған. Қазіргі уақытта тәркіленген заттарды егжей-тегжейлі тексеру жүргізіліп, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы, 1-бөлігі тәртібінде құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар дайындалуып жатыр", - деп толықтырды ведомство.

Осы бап бойынша ескерту немесе 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети