17 сәуір 2024 14:52

Көлік екіге бөлініп кеткен: Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы маңында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.


Алматы маңында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.

Кадрларға қарағанда, көлік екіге бөлініп кеткен. Видеодан екі адамның жерде жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Өтеген батыр ауылы (ГРЭС) маңында, Еркін ауылына бұрылыста болған.

Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"16 сәуірде Daewoo Nexia жүргізушісі Байсерке ауылы көшелерінің бірінде солға бұрылғалы тұрып, қарсы келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Daewoo Nexia көлігіндегі 24 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Daewoo Nexia жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жатқызылды, ол есін жимай, жансақтау бөлімінде қаза болды", - деп хабарлады полиция.

Дерек абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша Іле аудандық ПБ-ға тіркелді.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети