30 қаңтар 2024 16:24

Қостанайда қыздың таксиде шу шығарған видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қостанайда клиенттің таксиде шу шығарған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Қостанайда клиенттің таксиде шу шығарған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай полициясына тұрғын хабарласып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал туындағанын хабарлаған. Видео бұған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер айтылған!

"Бұл ретте қыз мазасыз болған. Осыған байланысты жағдайы нашарлаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оны тексеріп, көмек көрсетті. Полицейлер такси жүргізушісінің әрекетінен ешқандай құқықбұзушылықты көрмеді. Осыған байланысты материал номенклатуралық іске (мұрағатқа) есептен шығарылды. Ол такси жүргізушісіне талап қоюдан бас тартты", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздың полицияға жүгінуіне жанжал себеп болған. Такси жүргізушісі қыздың нақты тұрған жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мекенжайға келген-мыс.

"Наша газета" басылымы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған мәлімет бойынша, қыздан тапсырыс алған жүргізушінің айтуынша, оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келген.

"Қыз қызмет өкілдеріне ешнәрсе есінде жоғын және өзіне тиіскені есінде жоқ екенін түсіндірді", - деп жазды "Наша газета".

Оқиғаны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап, такси жүргізушісінің пікірін келтірген. Оның айтуынша, ол көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс орнына келген, үйдің кіреберіс нөмірі көрсетілмеген.

"Мен картада көрсетілген орынға тоқтадым да, 7 минут күткеннен кейін клиентке қоңырау шалдым. Дыбыстық сигналдар барған сәтте көлігімнің терезесін қақты, ол клиент екен. Ол неге бұл жерде тұрғанымды сұрады. Мен оған картада көрсетілген орында тұрғанымды түсіндірдім", - деп жазады жүргізуші.

Оның айтуынша, қыз үйдің кіреберіс нөмірін көрсеткенін, сондықтан күту ақысын төлемейтінін айтқан.

"Мен оны жеткізбейтінімді айттым және тапсырыстан бас тартуды өтіндім. Кейін маған келесі тапсырыс келді, сондықтан мен одан көліктен түсуін сұрадым. Ол түспейтінін айтып, 102 нөміріне қоңырау шалды", - деп келтіреді жүргізушінің сөзін әлеуметтік желіде.

Жүргізушінің айтуынша, қыз полицияға "мас болғанын" айтып беремін деп қорқытқан. Содан кейін жүргізуші оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети