19 ақпан 2024 11:25

Қостанайда шіркеуді тонаған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ПД Фото: ПД

Қостанайдағы архангел Михайл шіркеуінен 1,2 миллион теңгенің шіркеу жарақтары жоғалды. Артынша ұры ұрланған заттарды қоқыс жәшігіне тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайдағы архангел Михайл шіркеуінен 1,2 миллион теңгенің шіркеу жарақтары жоғалды. Артынша ұры ұрланған заттарды қоқыс жәшігіне тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұрланған заттар арасында бірнеше крест болған. Ғибадатхана теміржол вокзалы маңында орналасқандықтан, ұры бірден ізін жасыруды ойлайды, бірақ полиция оны анықтағанын түсінгенде, ол заттарды қоқыс жәшігіне тастап кеткен.

Фото ПД

"Полицейлер Павлодардың 58 жастағы тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Қостанай ПБ бастығының орынбасары Ербол Қарымсақов.

Павлодар тұрғыны ұрлық үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазақстан православ шіркеуінің басшысы ұрлықтың дер кезінде ашылғанына ризашылығын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети