12 желтоқсан 2023 16:41

Қостанайдағы төтенше жағдайдың ықтимал себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысы ТЖД Қостанай облысы ТЖД

Қостанайда үш адамның өмірін қиған төтенше жағдайдың ықтимал себебі аталды. Құтқарушылар газ баллон жабдығын пайдаланудағы талаптарды бұзу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін деп санайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Құтқарушылар болжамы бойынша, әңгіме автогаз жабдықтары туралы болып отыр.

"Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Бейнебақылау жазбалары тәркіленді. Газ баллонды автомобиль жабдығын пайдалану ережелерін бұзуға қатысты нұсқа жоққа шығарылмайды", - деді Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті.

Еске салайық, кеше Қостанайда газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан бір қабатты ғимарат опырылған болатын. Төтенше оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Үйінді астынан қаза тапқан үш адамның денесі шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети