20 наурыз 2024 16:53

Олимпиада чемпионы АҚШ-та неден қайтыс болғаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбектің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"19 наурызда Нью-Йорк қаласындағы бас консулдыққа Филадельфия қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болғаны туралы ақпарат түсті. Отандасымыздың денесі 16 наурызда Филадельфия қаласындағы мәйітханасына жеткізілді. Филадельфия қаласының сот-медициналық кеңсесінің мәліметінше, өлім - жүрек тоқтап қалуынан болған. Бірақ әлі нақты ақпаратты күтеміз. Консулдық марқұмның туыстарымен байланыста. Мейітті Қазақстанға жеткізу бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, бүгін 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек 27 жасында өмірден озғаны белгілі болды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі күрес парақшалары хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети