12 шілде 2017 12:55

"Орбита" ықшамауданындағы көпқабатты үйде болған жарылыстан бір әйел қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккен әйел ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккен әйел ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Орбита-4", 11-үй мекенжайында орналасқан үйдің төртінші қбатында газ-ауа қоспасының жарылысынан бір әйел мен ер адам зардап шеккен - олар Орталық қалалық аурухана мен қалалық №4 ауруханаға жеткізілген. 

"Қалалық орталық ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы өте ауыр болды, медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан баллон жарылысынан алған жарақатынан қайтыс болды", - деді басқарманың баспасөз қызметшісі Лейла Кеңесбаева.

Ал №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген науқас тірі. Дәрігерлер оның жағдайы жайлы кейін айтып береді. 

Еске салайық, мұның алдында 11 шілдеде таңғы 08:00-де Орбита-4 ықшамауданындағы 11-үйдің төртінші қабатында газ баллоны жарылып, артынша өртенгені хабарланған еді. "0,3 шаршы метр үй заттары өртенді, өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндірілген. Жарылыс салдарынан терезелер шағылып, есіктер сынып, жиһаздар бүлінген. Ер адам мен әйел адам күйіп қалған", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети