15 ақпан 2024 16:52

Оттықты тексерген: Теміртаудағы жарылыстың алдын ала себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖД Фото: ТЖД

Теміртаудағы дүкенде болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртаудағы дүкенде болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 ақпанда Теміртауда екі қабатты дүкен ғимаратында жарылыс болды. Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астынан газ жабдығы бар көлік табылған. Құтқарушылар қираған дүкеннің үйінділерін тазалауды жалғастырып жатыр. Дүкеннің бірінші қабатында, гараждан көліктер табылған, олардың бірінде газ жабдықтары болуы мүмкін екені айтылды.

"1993 жылғы зардап шеккен адамның сауалнамасы бойынша, оның дүкенге кіріп, оттық сатып алғаны анықталды. Тексеру үшін ол оттықты жағып көрген, содан кейін 2-3 секунд ішінде жарылыс болып, ғимарат құрылымдары құлаған. Осыған байланысты газ-ауа қоспасының жарылуы нұсқасы қарастырылып жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жарылыс дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу басталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети