02 қаңтар 2023 17:50

Полиция "ұрып соқты" деп видео түсіргендер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

polisia.kz polisia.kz

Жаңажылдық отырыстан кейін төбелес шығарғандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жаңажылдық отырыстан кейін төбелес шығарғандар жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, мейрамхананың сыртқы бақылау камераларынан төбелестің басталғаны жазылған бейне тәркіленді. Полиция қызметкерлері "Ұлытау" мейрамханасының жанында 9 төбелеске қатысушыны анықтады, олардың арасында әйел адамдар да бар.

Осы оқиғаға қатысушылардың екеуіне ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабымен "Билік өкілдеріне бағынбау", төртеуіне ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен "Ұсақ бұзақылық" бойынша хаттамалар толтырылды.

Ал полиция қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді телефонға түсіріп, таратқан әйел мен такси жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 73-3-бабымен "Жала жабу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Барлық материал заңды шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Еске салайық, бұған дейін полиция тәртіп сақшылары мейрамханада төбелес шығарғандарды ұрғаны туралы ақпаратқа жауап берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети