11 наурыз 2024 10:10

Салық қызметкері жасаған алаяқтық әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәлдіметіне сілтеме жасап.


Салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәлдіметіне сілтеме жасап.

Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несие рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

"Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша ("Алаяқтық") қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети