12 наурыз 2024 10:15

Шымкенттегі "гүл дауы": экс-полицейдің ісіне қатысты тергеу қалай аяқталды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Полиция департаменті 2023 жылы Шымкенттегі гүл сататын дүкенде жанжал шығарған бұрынғы полицейге қатысты тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция департаменті 2023 жылы Шымкенттегі гүл сататын дүкенде жанжал шығарған бұрынғы полицейге қатысты тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамырда болған, бірақ видео кейін жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Ол 2023 жылдың 19 мамырында өз өтініші бойынша полиция қатарынан босатылған. Оның үстінен гүл дүкенінде болған оқиғаға қатысты "Тонау" бабы бойынша іс қозғалды.

Кейін атышулы видеодағы екінші қатысушының кім екені белгілі болды. Ол Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып шықты.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалдарды талдау нәтижесінде, дерек бойынша Тұран аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша соталды тергеу басталды және Шымкент Полиция департаментіне берілді. Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша іс бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданып, кінәлі тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп бұған дейін Шымкент прокуратурасының 2023 жылғы қазанда Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген ресми жауабында айтылған болатын.

2024 жылдың 11 наурызында құқық қорғау органының бұрынғы қызметкеріне қатысты іс тоқтатылғаны белгілі болды.

"Оған қатысты бұрын тіркелген қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, шешімді Шымкент қалалық прокуратурасы келісіп, бекітті", - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Шымкент ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети