11 қазан 2023 09:55

"Сыра ішіп, көліктерді тоқтатады". Бурабайда неге аюлар жоқ?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған кескін Midjourney нейрон желісі арқылы жасалған кескін

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жануарлардың жүздеген түрі мекендейді. Олардың арасында қасқыр, сілеусін сияқты жыртқыштар да кездеседі. Бірақ бұл жерде, көпшілік пікіріне қарамастан, аю жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жануарлардың жүздеген түрі мекендейді. Олардың арасында қасқыр, сілеусін сияқты жыртқыштар да кездеседі. Бірақ бұл жерде, көпшілік пікіріне қарамастан, аю жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ретте мұнда аюларды өткен ғасырда әкелінгенімен, олар тамыр жая алмаған. Аюлардың оқиғасы туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Бурабай" мемлекеттік ғылыми кәсіпорнының ғылым және экологиялық мониторинг бөлімі басшысы Евгений Архипов айтып берді.

"Аюларды әкеліп, біздің аумаққа кіргізді. Бір жұп болды. Қателеспесем, біреуі 1981 жылы атылған. Себебі, адамдар оларды қолға үйретіп алды: сыра ішіп, көліктерді тоқтатып тәттілер сұрайтын болды. Олар тіпті автобустарға да кіруге тырсты. Щучинскіде Қазақ орман және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бар. Даладағы жұмыстар кезінде аюлар келіп, сөмкелерінен адамдардың тамағын ұрлап кететін болды. Жалпы, ыңғайсыз болды" - дейді ғалым.

Ұлттық саябақ аумағының адамдар мен аюлардың қолайлы өмір сүруіне жарамсыз екенін аға инспектор Владимир Иванов та атап өтті.

"Әдетте, аюлар елді мекендерден шалғайда жүреді. Өз кезегінде Бурабай аумағын адамдар мекендейді, ал жазда демалушылар көп болады", - деді қорықшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети