09 қазан 2023 11:58

Таразда Хатиконың арбадан құлап қалған иесін қорғаған видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Тараздық Хатико арбасынан құлаған иесін күзетіп, оған бөтенді жолатпай қорғап тұрған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тараздық Хатико арбасынан құлаған иесін күзетіп, оған бөтенді жолатпай қорғап тұрған видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 қазанда облыс орталығы көшелерінің бірінде мынандай оқиға болған. Полицейлер жолдың ортасында төңкерілген мүгедектер арбасын, ал жанында қарт адам құлап жатқанын және итті байқаған.

Полицейлер Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныған. Зейнеткер жолдағы кедергіден өте алмай, аударылып қалған. Ит осы уақыт ішінде иесін мұқият күзетіп, жанында отырған. Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен, ит иесіне ешкімді жолатпады. Алайда оқиға сәтті аяқталды.

"Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адам оны біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз - атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған болатын", - Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.

Қазіргі уақытта ата мен оның итінде бәрі жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети