17 желтоқсан 2022 15:35

Тасжолдағы апат: көліктер өртеніп, екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ бағытындағы жолдың 275-шақырымында жеңіл көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалды. Салдарынан ол қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Газельге" соқтығысқан, артынша екі көлік өртене бастады.

"Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды, "Газель" жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға орнына Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусин барды. Ол қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу басталғанын айтты", - делінген хабарламада.

Тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети