27 қазан 2014 16:17

"Внуководағы" ұшақ апаты: Диспетчерлердің әңгімесі жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Внуково" әуежайында болған ұшақ апаты кезіндегі диспетчер мен қар тазалаушы көлік жүргізушісі әңгімесінің аудиожазбасы жарияланды, - деп хабарлайды LifeNews. Еске сала кетейік, "Внуководағы" ұшақ апаты 21 қазанға қараған түні болды. Төрт адам қаза тапты, олардың арасында Total концернінің басшысы Кристоф де Маржери бар.


"Внуково" әуежайында болған ұшақ апаты кезіндегі диспетчер мен қар тазалаушы көлік жүргізушісі әңгімесінің аудиожазбасы жарияланды, - деп хабарлайды LifeNews. Еске сала кетейік, "Внуководағы" ұшақ апаты 21 қазанға қараған түні болды. Төрт адам қаза тапты, олардың арасында Total концернінің басшысы Кристоф де Маржери бар.

Диспетчерлер қар тазалаушыға ұшу-қону жолағын кесіп өтуге екі рет рұқсат берген. Апаттың алдында арнайы техника жүргізушісі жолақты тазалап болғанын айтып, кесіп өтуге рұқсат сұраған. Аудиожазба диспетчерлердің Falcon-50 ұшағының қозғалысын есепке алмаған локаторлардың сапасыздығы туралы дәйегіне жанама түрде дәлел бола алады. 

Қар тазалаушы мен диспетчерлер арасындағы әңгімеге электриктер қызметінің жүргізушісі де араласқан. Аудиожазба фрагменттері:

" - 63-ші Альфа-3 босатты, жүре беріңіз.

- Ал мынау не болды, жігіттер, қазір?

- Ұшақ қар тазалаушыға ілініп қалды".

" - Аэродром машинасымен соқтығысып қалды.

- Ол қайдан шықты?

- Жолаққа шыға келді.

- Ал неге біз локатормен байқай алмадық?

- Түсінсек бұйырмасын".

"Внуково" әуежайында болған ұшақ апаты кезіндегі аудиожазбалардың бәрін мына жерден тыңдауға болады. Бұл жерде диспетчердің Falcon-50 ұшағымен арадағы әңгімесінің жазбасы да бар. Одан ұшуға рұқсат алғаннан кейін әуе көлігі бортында не болғанын білуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, "Внуководағы" ұшақ апаты оның қар тазалаушы көлікпен соғылуынан кейін болған еді. Апаттан төрт адам қайтыс болды - Total басшысы Кристоф де Маржери мен экипаждың үш мүшесі. Құқық қорғау органдары арнайы машинаның жүргізушісі Владимир Мартыненконы ұстады. Ол 21 желтоқсанға дейін қамауда отырады. Тергеудің мәліметінше, апат кезінде ол мас болған. Онымен бірге әуежайдың аэродром қызметінің жетекші инженері, ұшулар жөніндегі жетекшісі және екі диспетчер де ұсталды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети