30 шілде 2015 00:04

"Астана" ФК финнің "ХИК" командасымен тең ойнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

29 шілдеде "Астана" ФК Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі үшінші квалификациялық раундында финнің "ХИК" командасымен бірінші ойынында тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz


29 шілдеде "Астана" ФК Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі үшінші квалификациялық раундында финнің "ХИК" командасымен бірінші ойынында тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Командалар арасындағы кездесу Хельсинкидегі "Сонера" стадионында өтті. Тікелей эфирде матчты KazSport телеарнасы таратты. Бірінші таймда Станимир Стойловтың шәкірттері қауіпті шабуылдар жасай білді. Бауыржан Жолшиев матчта есеп ашуға жақын болған, алайда доп қақпадан қисық кетті.

Екінші таймда алаң иелері белсенді бола бастады, бірақ "Астана" қақпасын жарақатынан емделіп келген Ненад Эрич сенімді қорғай білді. Қорытындысында екі команда да гол соға алмады. Енді жеңімпаз қарымта кездесуде анықталады. Матч 5 тамызда Қазақстан елордасындағы "Астана Арена" стадионында 20:00-де басталады.

Еске салайық, "Астана" футбол клубы осыған дейін іріктеу кезеңінде Словенияның "Марибор" командасын жалпы есеп бойынша 3:2 (0:1, 3:1) айырмасымен ұтқан болатын. Осылайша "Астана" Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық раундына шыққан қазақстандық үшінші команда болып отыр. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети