19 сәуір 2014 21:19

Кешегі кеткен есені "Сарыарқа" бүгін қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет hcrubin.ru сайтынан Сурет hcrubin.ru сайтынан

Қарағандының "Сарыарқасы" Тюменде "Рубинді" 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, Братина кубогының финалындағы жалпы есепті теңестірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қарағандының "Сарыарқасы" Тюменде "Рубинді" 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, Братина кубогының финалындағы жалпы есепті теңестірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кешегі бірінші матчта ұтылып қалған "Сарыарқа" сол жеңілісінен сабақ алыпты. Қарағанды клубының бас бапкері, Словакия маманы Душан Грегор команда сапына біраз өзгеріс енгізіпті. Кешегі ойында біраз қателескен қорғаушы Д.Громовтың орнына И.Антоновскийді шығарған. Канадалық легионеріміз К.Бреннан жазасын өтеп болып, команда құрамына оралған. Ең бастысы, қақпаға С.Горячевскихтің орнына В.Ковачты қойыпты...

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Ал екіншісінде "Сарыарқа" қамшыны басты. Үш гол соғып, айдын иелерінің ашуларын алқымдарына тықты. Үшінші кезеңде тағы бір гол соғып, Тюмень клубын сеңдей соғыстырды.

Кешегі ойында Қазақстан клубы хоккейшілерінің соққыларын түгелдей дерлік тойтарып, діңкелеткен Д.Франскевич бұл ойында бірнеше рет қателесті. Әсіресе бірінші және төртінші голдар соғылғанда өрескел қателік жіберіп алды. Көбінесе орнында тұрмай, қақпаның артына шығып кетіп, жаза басты. Сондай-ақ "Сарыарқаның" сұрмерген хоккейшілерінің алыстан шірене тартқан соққыларына да тосқауыл бола алмады.

Ойынның аяғы шектен тыс шиеленісті өтті. Айдын иелері тым болмаса, бір гол соғу үшін жанталасты. Бірақ оған Ковач көне қойсын ба? Кейде ойыны жүріп, қандай соққы болсын өткізбейтіні бар. Бүгін де солай, "Рубинь" хоккейшілер үшін алынбас қамал болды. Қарқындарын үдетіп, құйындай орап соқса да, тюмендіктер Ковачтың қақпасына бірде-бір гол соға алмай, пұшайман болды.

Сөйтіп, жалпы есеп теңесті. Кеше ұтылып қалған, "Сарыарқа" плей-оффта 12 рет қатарынан жеңіске жеткен азулы команда екенін бүгін дәлелдеп шықты. Кешегі жеңіліс намыстарына тиген болуы керек, бүгін кеншілер клубы көсіле шапты. Енді осы бетінен таймасын дейміз. Келесі екі ойын 22-23 сәуір күндері Қарағандыда өтеді.

"Рубин" – "Сарыарқа" – 0:4 (0:0, 0:3, 0:1)
Голдар:
0:1 – Лебедев (Лучкин, Кузьмин), 30:57 (артық құрам).
0:2 – Макаров (Гуле), 37:59.
0:3 – Антоновский (Махо, Ковачевич), 39:45 (артық құрам).
0:4 – Макаров, 49:39.

Қақпашылар: Франскевич – Ковач.
Соққылар: 34 (8+8+18) – 34 (9+18+7)
Айып уақыты: 10 (0-4-6) – 14 (0-4-10).

Братина кубогы.
Финал:

/3/ "Рубин" (Тюмень) – /4/ "Сарыарқа" (Қарағанды) 1:1 (3:1, 0:4; 22-23.04, 26.04, қажет болса – 28.04, 30.04)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети