17 қазан 2021 16:58

ҚР премьер-министрі сайтындағы парақшаларға шабуыл жасалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Pixabay.com Pixabay.com

ҚР премьер-министрі сайтындағы ресми парақшаларға фишингтік шабуыл жасалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР премьер-министрі сайтындағы ресми парақшаларға фишингтік шабуыл жасалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Facebook қолданушылары! ҚР премьер-министрі ресми сайтының парақшалары @Primeminister.kaz, @primeminister.kz, @PrimeMinister.int фишингтік шабуылға байланысты уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз. Қазір Facebook платформасымен парақшаларды қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық ақпарат PrimeMinister.kz сайтында және Twitter, Vk, Instagram желілеріндегі ресми парақшаларда жарияланады", - делінген баспасөз қызметінде.

Еске салайық, Қазақстанда мемлекеттік органдарға кибершабуыл көп жасалады. Бұрын бұл туралы Мемлекеттік техникалық қызмет хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети