22 қыркүйек 2014 12:37

Taiburyl қоры 157 студентке ай сайын стипендия төлейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Taiburyl ©Taiburyl

Taiburyl қорының "Білімді қолдау" бағдарламасы бойынша арнайы комиссия "Ай сайынғы стипендияға" 157 студентті іріктеп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толық тізіммен мына жерден танысуға болады. Шәкіртақыны алу ережелері Taiburyl қорының ресми сайтында жазылған. Стипендияны табыс ету салтанаты Астанада 4 қазан күні өтеді. 


Taiburyl қорының "Білімді қолдау" бағдарламасы бойынша арнайы комиссия "Ай сайынғы стипендияға" 157 студентті іріктеп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Толық тізіммен мына жерден танысуға болады. Шәкіртақыны алу ережелері Taiburyl қорының ресми сайтында жазылған. Стипендияны табыс ету салтанаты Астанада 4 қазан күні өтеді. 

Стипендия иегерлерінің төртеуі - Алматы технология университетінің студенті. Бес студент Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінен, Демирел атындағы университеттен, ҚМЭБИ-ден және ҚБТУ-дан іріктелді. Он студент Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде оқып жатыр, 16-сы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде білім алады. 18-і - Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің, 20-сы - әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті. 54-і Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқиды. Тағы 15-і - еліміздегі басқа да ЖОО-лардан. 

Стипендия иегерлерінің анықтаған комиссияның құрамына бұрынғы білім және ғылым вице-министрі, "Өрлеу ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов, "Алаш Медиа Групп" медиахолдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев, "Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты" ЖШС бас директоры Әлім Есетов, Kaspi Bank-тің Астанадағы филиалының директоры Меруерт Цхай және Black & White Group медиакомпаниясының басқарушы серіктесі Думан Қожахметов енген.

Айта кетейік, Taiburyl қорының стипендиясын алуға 968 адам өтініш білдірген. Олардың 461-і іріктеудің екінші кезеңіне өтті. Taiburyl қоры финалист атанған 157 студентке бес ай бойы 30 мың теңге көлемінде ай сайынғы стипендия ұсынады. Олар қаражатты 2014 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың қаңтарына дейін алып тұратын болады. Жобаның мақсаты - талантты студенттерді қолдау. Taiburyl қоры қазақстандық білім беру жүйесін дамыту үшін басқа да акцияларды өткізеді. Бір жоба бойынша қолдауға ие болған студент басқа жоба бойынша да көмек ала алады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети