27 қыркүйек 2014 13:05

Әбдіжәміл Нұрпейісов Нобель сыйлығына ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов©Нұрғиса Елеубеков Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов©Нұрғиса Елеубеков

Биыл Қазақстанның атынан Нобель сыйлығына халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ұсынылды. Бұл туралы Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин мәлімдеген, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап. 

Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің айтуынша, атақты жазушы өткен жылы да осы сыйлыққа ұсынылған. "Өткен жылы Әбдіжәміл аға тіпті Нобель комитетінің 5 адамдық қысқа тізіміне ілінді! Биыл да Қазақ ПЕН-клубы Әбдіжәміл ағаны ұсынып отыр. Негізі Қазақстанның атынан Нобель сыйлығына ақын-жазушыларды ұсыну бойынша тек әдебиет институты мен Қазақ ПЕН-клубының ғана құқығы бар" - дейді Бигелді Ғабдуллин.

Сонымен қатар, Қазақ ПЕН-клубының президенті бүгінгі таңда қазақтың классик жазушыларының туындыларын ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети