27 наурыз 2014 11:42

Әкім парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © tengrinews.kz Фото © tengrinews.kz

Ақмола облысы Семфирополь ауылдық округының әкімі пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының облыстық департаментіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысы Семфирополь ауылдық округының әкімі пара алу үстінде ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының облыстық департаментіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, әкім наурыздың 21-і күні әкімдік ғимаратында пара алу үстінде ұсталған болатын. "Бүгінде А. есімді азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 2-тармағы - "пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол ауылдық округ аумағында орналасқан ескі мал базасын бұзуға ауызша рұқсат бергені үшін К. есімді азаматтан 50 мың теңге көлемінде пара алған", - делінген ресми хабарламада.

Әкімді ұстау барысында ақша тәркіленді. Қылмыстық іс тергелуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети