14 мамыр 2023 14:17

Ақмолада жалпы құны 5 миллион теңге болатын 14 жылқы жоғалып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Ақмола полицейлері жалпы құны 5 миллион теңге болатын 14 жылқыны иесіне тауып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ақмола полицейлері жалпы құны 5 миллион теңге болатын 14 жылқыны иесіне тауып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұланды ауданының полиция бөліміне 14 бас жылқы жоғалғаны туралы Макинск қаласының тұрғыны жүгінген. Мал иесінің айтуынша, жылқылар елді мекенге жақын жерде жайылымда болған.

Үй жануарларының болу жерін анықтау үшін полицейлер бірнеше сағат бойы орман алқаптарын тексеріп, ауланы аралап шыққан. Іздеу іс-шараларына еріктілер мен орман қызметкерлері қатысты. Полицейлер жылқыларды көрші аудан Біржан сал аумағынан бір тәулік ішінде тапты.

Қазіргі уақытта барлық 14 бас жылқы заңды иесіне қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети