21 қыркүйек 2015 14:44

"Ақсай" балалар ауруханасындағы дауға байланысты мекеме басшысы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube кадры YouTube кадры

"Ақсай" балалар ауруханасындағы нашар жағдай түсірілген видеоға қатысты Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Айқан Ақанов түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ақсай" балалар ауруханасы - университеттің қоластындағы мекеме.


"Ақсай" балалар ауруханасындағы нашар жағдай түсірілген видеоға қатысты Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университетінің ректоры Айқан Ақанов түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ақсай" балалар ауруханасы - университеттің қоластындағы мекеме.

Ректордың айтуынша, видеожазба гемодиализ бөлімшесінің бөлмесінде түсірілген, ол жаққа науқастар уақытша жатқызылған, себебі өзге бөлімшерлерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Ақанов "Ақсай" балалар ауруханасының университет бюджетінен қаржыландырылатынын, ал бюджеттен науқастарды емдеуге арналған мемлекеттік тапсырыс қана бөлінетінін атап өтті. Еске салайық, Интернетте науқас балалардың бірінің ата-анасының осы емдеу мекемесінде түсірген видеожазбасы пайда болған еді. Роликте әйел аурухананың жағдайын нашар деп, шағымданады. 

Ақановтың айтуынша, мұнда мәселе бөлек тұрған блоктағы гемодиализ бөлімшесіне байланысты болып отыр. Оның пікірінше, аурухананың өзге бөлімшелерінің жағдайы жақсы. "Өзге бөлімшелер өткен жазда қалпына келтірілген еді. Ал осы гемодиализ бөлімшесін біз толықтай жауып тастауды ұйғарып отырмыз. Сондықтан ол жаққа ақша бөлінбеді. Жағдайы мүшкіл. Ол жақтың аппараттары 30 жылдық құрылғылар. "Жасанды бүйректің" екі аппараты кезекпен жұмыс істейді. Айта кетейік, мұндай бөлімше оңтүстік Қазақстанда жалғыз. Мұндай орталық Астанада бар. Оңтүстік өңірдегілердің барлығы осында келеді, алайда Алматыда мұндай орталықтың ондағаны бар - жеке де, мемлекеттік те бюджетпен қамтамасыз етілетіндері бар. Бұл бөлімшені бұрын-ақ жауып тастағымыз келген. Әкімге хат жазып, Әлеуметтік даму жөніндегі министрлікпен келіссөз жүргіздім. Егер жаңа жылға дейін көмектеспесе, біз бұл бөлімшені жабамыз. Меніңше, жарияланым өте дұрыс, ол ұйымның проблемасын көрсетті", - деді ол.

Ректор барлық науқастың жағдайы жақсы бөлімшелерге ауыстырылатынын айтты. Сонымен қатар, ол кей жағдайда балалардың емінің бюджет қаражатынан арнайы бөлінген мерзімінен де көпке жалғасатынын хабарлады. Бір жылда "Ақсай" ауруханасында жеті мыңнан аса бала емделеді. Ректордың айтуынша, мұнда жоғары мамандандырылған 60 маман жұмыс істейді.  

Ақановтың айтуынша, "Ақсай" балалар ауруханасы соңғы 20 жылда өте қиын жағдайда болып келген. Мекеменің қарызы 900 миллион теңгеден асқан. "2013 жылдың шілдесінде ол біздің университетке клиникалық база жасау үшін және студенттерді оқыту үшін берілді. Аурухана толықтай "өлімші" жағдайында болды. Алғашқы екі жылымыз осы аурухананы құтқаруға кетті. Университет өз есебінен бұл аурухананың миллиард теңге қарызын өтеп берді. Шын мәнінде бұл іспен біз айналыспауымыз керек. Өткен жылы құрал-жабдық сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді. 30 миллион теңге қаражат қоршау салуға жұмсалды. Биыл қазандық салып жатырмыз, себебі аурухана өзін жылумен қамтамасыз етпейді. Жылу жүйесінің жөндеу жұмыстарын 220 миллион теңгеге жасап жатырмыз. Осылайша, биыл университет тағы 500 миллион теңгені жұмсайды", - деді Ақанов. Ол "Ақсай" балалар ауруханасының қалыпқа келетініне үміт артатынын жасырмады.

Еске салайық, Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы "Ақсай" республикалық балаларға арналған клиникалық ауруханасы түсірілген видео 2015 жылдың 18 қыркүйегінде пайда болды. Ата-аналар қала әкімшілігінің бұл жағдайды ретке келтіретініне сенімді.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай тағы бір ауруханада болған еді. Әлеуметтік желілерде қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының лас бокстарының, емдеу бөлмелерінің және дәретханаларының суреттері жария болған еді. Оларды ем қабылдап жатқан баланың шешесі жария еткен. Бұдан кейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек медициналық мекемеге барып, жағдайымен танысты. Кейін аурухана персоналының қала басшысының келуіне жылдам дайындалғаны - мекемеде шұғыл арада жөндеу жұмыстарының жүргені хабарланды. Бұған қарамастан Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен бас дәрігер Ержан Әліби жұмыстан шығарылды. Онымен бірге, бірқатар жұмысшы да жұмыстан босатылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети