20 қараша 2022 11:38

Ақтауда балаларды таяқпен "тәрбиелемек" болған әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы 33 шағынаудандағы №37 балабақшада болған жайттың видеосы тарады. Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев бөліскен видеодан тәрбиеші балаларды жұлқылап, таяқпен "тәрбиелемек" болғанын көруге болады. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоны блогер Facebook-парақшасында бөлісті.

"Бұл камераға түсіп қалған жалғыз оқиға. Ата-аналардың сөзінше, балабақша басшылығы камера жұмыс істемей қалғанын айтып, бұрынғы видеоларды көрсетпеген", - дейді блогер.

Басылым мәліметінше, тәрбиешіге қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Тергеу прокуратураның бақылауында.

Бұл бап санкциясы бойынша, тәрбиеші 160 АЕК (шамамен 490 080 теңге) айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не үш жылға дейінгі мерзімге немесе онсыз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көзделеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети