08 ақпан 2024 16:54

Ақтөбе облысының бірнеше ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысының екі ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысының екі ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысындағы трассаларда екі тәулік бойы бір жарым мыңға жуық ауыр жүк және жеңіл автомобильдер тұр. Аймақтың метеорологиялық жағдайы күрделі. Ақтөбе облысының әкімдігінің мәліметінше, Хромтау және Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай режимі жарияланды. Дәл осы аудандарда, "ҚазАвтоЖол" АҚ қызметкерлерінің айтуынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда көптеген көлік жиналған.

Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Ресми мәлімет бойынша, Самара - Шымкент тас жолында екі тәуліктен бері бір жарым мыңға жуық жүк көлігі мен жеңіл көлік тоқтап тұр. Жүргізушілер ақша мен жанармай таусылып жатқанына, сонымен қатар жақын маңдағы дәмханалардың бағасы тым жоғары екеніне шағымданған. Қарабұтақ кентінің жанында тұрып қалған адамдар Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтан көмек сұрады.

"Асхат Шахаровтан назар аударуын сұраймыз. Біз қазір Қарабұтақ ауылының жанындамыз. Мұнда екі күннен бері мыңға жуық көлік жиналып тұр. Тамақ пен дизель отыны таусылып жатыр. "ҚазаАвтоЖол" басшылығы қашан қозғалып, жолды қашан тазартады? Жақын жерде жанармай құю бекеті мен дәмхана бар, бірақ бағалары тым жоғары. Бұл нағыз зиянкестік", - дейді жүргізушілер.

"ҚазАвтоЖол" филиалы трассаларды тазалауға әлі шыға алмайтындарын хабарлады. Өйткені ауа райы арнайы техниканың жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтін көрінеді.

"Техника тазалауға дайын. Біз тек ауа райының өзгеруін күтіп отырмыз. Ауа райы қалай жақсарса, 6-8 сағат ішінде жолды ашып, екі күн ішінде біз барлық жолды толық тазалаймыз. Көлік Қарабұтақ кентінде, сондай-ақ Хромтау қаласында және Ақтөбе маңында көп жиналған. Қарабұтақ кентінде шамамен 800 көлік тұр. Олардың 700-і ауыр жүк. 100 жеңіл", - деді "ҚазАвтоЖол "ҰК" Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Асылбек Мұхамбетқалиев.

Қазіргі уақытта өңірде облыстық және республикалық маңызы бар 7 жол жабық. Түнде өңір ТЖД қызметкерлері қарлы жолдардан 269 адамды эвакуациялады. Жылыту пункттерінде 400-ге жуық адам жеткізілді, оның 20-сы балалар. Құтқару операцияларына 60 әскери қызметші жұмылдырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети