26 ақпан 2021 12:15

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

"Қазгидромет" синоптиктері 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Метеорологтардың айтуынша, ауа температурасының көтерілуі күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Солтүстік-Батыс циклоны келуімен республиканың басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі. Батыс өңірлерді қоспағанда күндізгі ауа температурасы оң мәндерге дейін жетеді. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек ҚР-дың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейіп, боран соғады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 26 ақпанда боран мен қатты аяз туралы ескерткен еді. Еліміздің 11 өңірінде ауа райы қолайсыз, кей жерлерде аяз 35-40 градусқа дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети