16 қыркүйек 2022 17:03

Әлемдік БАҚ Қазақстан астанасы атауын өзгерту туралы не жазып жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шетелдік БАҚ Қазақстанда қызу талқыланып жатқан елорда атауын өзгерту мәселесін назардан тыс қалдырмады. Толығырақ Tengrinews.kz шолуында.


Шетелдік БАҚ Қазақстанда қызу талқыланып жатқан елорда атауын өзгерту мәселесін назардан тыс қалдырмады. Толығырақ Tengrinews.kz шолуында.

The Guardian газеті ел астанасы атауын өзгерткеннен кейін үш жылдан соң ел бұрынғы атауын қайтарғалы жатқанын жазады.

Bloomberg агенттігі Қазақстан Президенті бұл бастамаға Парламент депутаттары тобының ұсынысынан кейін келіскенін атап өтті.

"Бұл өзгеріс маусымда өткен референдумда мақұлданған конституциялық реформалар сериясынан кейін жасалып жатыр", - деп жазды агентство.

EurasiaNet порталы "Қазақстан: Елорда аз уақыт Нұр-Сұлтан болғаннан кейін Астана атауына оралады" деген мақала жариялады. Сайт журналистері қысқа тарихында қаланың кем дегенде алты рет атауы өзгергенін атап өтті.

"Қалаға бұрынғы атауы қайтарылса да, бұрынғы президент атымен аталған басқа нысандар өзгеріссіз қалады. Бұл Назарбаевтың Қазақстанның заманауи мемлекеттілігін нығайтудағы және елорданы құрудағы рөлін мойындау үшін жасалып отыр", - делінген мақалада.

Үндістанның көпұлтты WION арнасы "Қазақстан өз елордасы атауын Астанаға өзгертеді" атты репортажын көрсетті.

Сондай-ақ, Қазақстан астанасы атауын өзгерту туралы ақпарат ұлыбританиялық Daily Mail және The Independent, ABC News телеарнасы, америкалық The Washington Post, Financial Post, түркиялық Daily Sabah басылым беттерінде шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети