06 маусым 2014 14:33

Әлиевтің тұтқындалғанын Вена прокуратурасы растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиев. ©Аzatyq.org Рахат Әлиев. ©Аzatyq.org

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Венада тұтқындалғаны рас, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Австрия астанасы прокуратурасының спикері Томас Вичай (Thomas Vecsui) айтты.


Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Венада тұтқындалғаны рас, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Австрия астанасы прокуратурасының спикері Томас Вичай (Thomas Vecsui) айтты.

Вена прокуратурасының ақпаратына қарағанда, Рахат Әлиевті тұтқындауға оның Қазақстанда екі банкирдің ұрлануы мен өліміне қатысты айыпталуы себеп. Вена өкілдері оған өз отанында ұзақ жылға жаза өтеуге сырттай үкім шығарылғанын, бірақ экс-елшінің экстрадицияланбағанын еске салды.

Daily Times газетіне сұхбат берген Әлиевтің адвокаты Манфред Анитер (Manfred Ainedter) өз қорғауындағы Әлиевтің Австрияға айыбын мойындап келгенін айтты. Рахат Әлиев 5 маусым күні жергілікті уақыт 23.00-де әуежайда тұтқындалған. Анитердің айтуынша, оны тұтқындауға ордер мамыр айында берілген. Оған Әлиевтің адам ұрлау, бопсалау және кісі өлтіру қылмыстары бойынша айыпталуы негіз болды.

Еске салайық, Қазақстанда Әлиевке 40 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сырттай берілген болатын. Тергеудің мәліметінше, ол 2007 жылы екі банкирді - Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты ұрлап әкеткен. Олардың мәйіті 2011 жылы табылды.

Австрия Әлиевке өз отанында әділ сот төрелігі қамтамасыз етілмейді деген шамалау бойынша оны Қазақстанға беруден екі рет бас тартқан болатын. 2011 жылдың шілдесінде құқық қорғау органдары Мальтаға кетіп үлгерген бұрынғы елшіге қатысты өзіндік тергеу бастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети