26 желтоқсан 2023 11:00

Алматы көшелерінде Аяз аталар шеруге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Қоныспаев, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Қайрат Қоныспаев, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда "Аяз ата шеруі" басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.


Алматыда "Аяз ата шеруі" басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары ертегі әлемінің кейіпкерлерін қарсы алды. Шеру Абай алаңында басталып, 31 желтоқсанда басты жаңажылдық концерт пен отшашу өтетін "Астана" алаңында аяқталды.

"60 Аяз ата келе жатқан 2024 жылмен құттықтап, сыйлықтар мен тәттілер таратып, қала тұрғындары мен қонақтарымен суретке түсіп, ерекше атмосфера қалыптастырды. Аяз ата шеруі екінші жыл қатарынан өткізіліп, Алматыда жақсы жаңа жылдық дәстүрге айналып отыр.

Жаңажылдық қысқы фестиваль аясында Абай мен "Астана" алаңында күн сайын танымал әртістердің, live-бэндтер мен диджейлердің концерттері, түрлі балалар байқаулары, аниматорлармен ойындар мен интерактивтер өтеді", - делінген хабарламада.

27-31 желтоқсан аралығында қаланың әр ауданында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жаңажылдық концерттер өтетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети