13 шілде 2023 09:18

Алматы облысында ҮАААЖ бағытына алты көшені ұзартуға қанша ақша жұмсалады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы облысында ҮАААЖ бағытына алты көшені ұзарту жұмыстарына 60 миллиард теңгеден аса қаржы қажет болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында ҮАААЖ бағытына алты көшені ұзарту жұмыстарына 60 миллиард теңгеден аса қаржы қажет болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігі мәліметінше, қазіргі уақытта Абай және Рысқұлов даңғылдарында, сондай-ақ Сайын, Тілендиев және Солтүстік жартылай сақина көшелерінде жол құрылысы жүріп жатыр. Ал Ақын Сара көшесінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге мемлекеттік сараптама оң қорытынды берген.

"Ақын Сара жобасының жалпы құны 18,2 миллиард теңге болады. Келесі жылы республикалық бюджетке екі миллиард теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге өтінім жіберіледі.

Алматы шекарасынан ҮАААЖ-ға дейінгі қалған бес радиал жолдың құны 42,4 миллиард теңге болады. Бұл сома былтыр енгізілген түзетуді ескере отырып", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Бөлінген қаражат былай бөлінді:

  • Рысқұлов даңғылына – 6,5 миллиард теңге;
  • Абай даңғылына – 7,3 миллиард теңге;
  • Солтүстік жартылай сақинаға – 7,4 миллиард теңге;
  • Сайын көшесіне – 10,6 миллиард теңге;
  • Тілендиев көшесіне – 10,6 миллиард теңге.

Былтыр жобаларға республикалық бюджеттен 8,5 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 710 миллион теңге бөлінгені атап өтілді.

Фото ИИДМ Жол комитетінен алынған

Бүгінде барлығы 14,6 миллиард теңге игерілген. Оның бір миллиарды – республикалық бюджеттен, 955 миллионы – жергілікті бюджеттен, 12,6 миллиарды – Ұлттық қордан.

Биыл республикалық бюджеттен 11,6 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде Рысқұлов пен Абай даңғылы бойынша әрқайсына 1,8 миллиард теңге, Тілендиев көшесіне - 2,5 миллиард теңге, Солтүстік жартылай сақинаға - 2,7 миллиард теңге, Сайын көшесіне - 2,8 миллиард теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети