04 желтоқсан 2023 16:13

Алматы облысында үш судья сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы облысында үш судья жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында үш судья жемқорлыққа қатысты күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жасаған жемқорлық қылмыстарды анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Қазіргі уақытта іс бойынша қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдіктелген Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", - делінген хабарламада.

Басқа жағдайда, Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр.

"Ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған. Сондай-ақ, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталып отыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети