04 мамыр 2016 14:14

Алматы полициясы жоғалған студентті іздеу үшін әкімдіктен судың ағынын әлсіретуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санжарбек Арзиев Санжарбек Арзиев

Алматы полициясы жоғалып кеткен Санжарбек Арзиевті іздеу үшін табиғи ресурстар басқармасынан Есентай өзенінің су ағынын әлсіретуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті 30 сәуірде жоғалған еді. 


Алматы полициясы жоғалып кеткен Санжарбек Арзиевті іздеу үшін табиғи ресурстар басқармасынан Есентай өзенінің су ағынын әлсіретуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті 30 сәуірде жоғалған еді. 

Алматы аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Асқар Болатов іздеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында судың бір бөлігінің басқа арналарға ағызылып жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, құтқарушылар мен полицейлер Санжарбек Арзиевті іздеу жұмыстарын осы су қоймасында жүргізіп жатыр. Айта кетейік, осыған дейін Есентай өзеніне секіріп жатқан адам бейнеленген видео жарияланған еді. Достары сол адамның Арзиев болуы мүмкін екенін айтты. 

Айта кетейік, еріктілер жоғалған жігіттің суреттерін қала бойынша ілгеннен кейін бірнеше қоңырау соғылған. Адамдар оны түнгі клубтың маңынан 1 мамырда көргенін де айтқан.  

Еске салайық, Алматыда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуірде жоғалып кеткен болатын. 23 жастағы Санжарбектің досының айтуынша, соңғы рет студентті таныстары Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4 шамасында көрген. Дене бітімі орташа келген жігіттің үстінде қара күртке мен қоңыр түсті шалбары болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети