16 ақпан 2024 10:25

Алматы іргесіндегі ауылда ер адам балаларды байлап, пышақпен қорқытқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматы облысында белгісіз ер адам үйге басып кіріп, ондағы балаларға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында белгісіз ер адам үйге басып кіріп, ондағы балаларға шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде балаларға жасалған шабуылдың видеосы пайда болды. Оқиға Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінде болғаны хабарланды. Ер адам жергілікті тұрғындардың үйіне баса-көктеп кіріп, ондағы кішкентай балаларға күш көрсетіп, ұрып-соғып, тамағына пышақ тақап қорқыта бастаған. Балалардың айқайына көршілері жүгіріп келгенде, олардың аяқ-қолы байланғанын көргені айтылады. Зардап шеккендердің айтуынша, Бақытжан есімді біреу үйге басып кірген.

Облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов бұл іс полицияның ерекше бақылауында екенін айтты.

"Кішкентай балаларға жасалған шабуыл туралы арыз бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті анықталды. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен облыстық полиция органдарына бағыт-бағдар берілді", - деді Әленов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети