06 сәуір 2023 09:39

Алматыда ата-аналардың шағымынан кейін балабақша қызметкерлері жұмыстан босатылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы №164 балабақшаның үш қызметкері желіде жарияланған резонанс тудырған видеодан кейін жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Алматыдағы №164 балабақшаның үш қызметкері желіде жарияланған резонанс тудырған видеодан кейін жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Кадрда балалар шайға нан малып жеп отырған. Үстелде басқа ештеңе болмаған.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, басшы, медбике және әдіскер қызметтік міндеттеріне адал болмағаны үшін қызметінен босатылды. Топ мұғаліміне, қоймашы мен аспазға тәртіптік жаза қолданылды.

Сондай-ақ Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысына "бақылауды әлсіреткені үшін" тәртіптік жазалар қолданылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети