29 наурыз 2024 09:23

Алматыда жеке үй аулалары мен жол учаскелерін су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Толассыз жауған жаңбырдан кейін жеке үй аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 су басу жағдайы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыда ауа райының күрт нашарлауына және қатты жаңбырмен қоса секундына 18-24 метрге жететін екпінді желге байланысты қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді", - делінген хабарламада.

Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су тасқынының салдарын жойып жатыр.

ТЖМ мәліметінше, қазір қалада жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети