15 наурыз 2024 09:40

Алматыда жер сілкінісінен кейін мектеп қабырғалары зақымданған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы мектептерінің бірінде наурыздағы жер сілкінісінен кейін жарықтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ата-аналар хабарлады. Олар видеоны редакцияға жіберді.


Алматы мектептерінің бірінде наурыздағы жер сілкінісінен кейін жарықтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ата-аналар хабарлады. Олар видеоны редакцияға жіберді.

"2024 жылдың 4 наурызында болған жер сілкінісі нәтижесінде Ш. Құдайбердіұлы атындағы №190 ҚМУ орта мектебінің ғимаратында, оның ішінде негізгі жүк көтергіш құрылымдар бойында көптеген жарықтар пайда болды, бұл ғимарттың сейсмикалық төзімділігіне күмән келтіреді", - деп дабыл қақты ата-аналар.

Олар әкімдіктен мектептің сейсмикалық төзімділігіне құрылыс-техникалық сараптама жүргізуді, сондай-ақ ғимаратты апаттық эвакуациялау есіктерімен жабдықтауды сұрайды. Олардың айтуынша, шығаберістегі турникеттер кесірінен балалар мектептен тез шыға алмаған.

"№190 мектеп директорының айтуынша, әкімдік нұсқауымен орнатылған турникеттер ғимараттан балаларды тез эвакуациялауды қиындатқан", - деп қосты ата-аналар.

Бостандық ауданы әкімдігі әкім аппараты аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, қала құрылысын бақылау бөлімінің мамандары және Бостандық аудандық білім бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, 6 наурызда Ш.Құдайбердіұлы атындағы №190 орта мектепке барғандарын хабарлады.

"Тексеру барысында оқу кабинеттерінің қабырғаларында жарықтар анықталды, ол бойынша жұмыс тобымен визуал тексеру актісі жасалып, фото және бейнежазба жүргізілді, аралау қорытындысы бойынша оқу орындарының атына хаттар жолданды. Сапар қорытындысы бойынша, Алматы құрылыс және білім басқармаларына аталған білім нысанын сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарау туралы хаттар жолданды", - деп хабарлады әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети