05 қыркүйек 2022 08:52

Алматыда қыз алып қашты: полиция Желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Алматыда қыз алып қашу сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Алматыда қыз алып қашу сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Авторлары - жағдайға немқұрайды қарамаған алматылықтар белгісіз ер адамдар қызды көлікке күшпен отырғызғанын айтады. 

Polisia.kz мәліметінше, бұл дерек бойынша қала полициясының өкілдері пікір білдірді. Видеода түсірілгендер кім екені және оқиғаның жай-жапсары анықталды. 

"Көлік "Буран-266" экипажымен қаланың Наурызбай ауданы аумағында ұсталды. Көлікте төрт адам болды, оның ішінде 28 жастағы А. есімді азаматша да бар. Ол ұлттық дәстүрді сақтай отырып, тұрмысқа шыққалы жатқан күйеу жігітінің көлігіне өз еркімен отырғанын айтты. Бастапқы материалды жинақтау толық көлемде жүргізілді", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети